«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі 209 орынға арналған 5 бағыт бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

09.09.2024

Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі 209 орынға арналған 5 бағыт бойынша балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы конкурс жариялайды.

      1. Ғылыми-техникалық бағыт (бастапқы техникалық модельдеу; авиамодельдеу; автомодельдеу; судомодельдеу; ракетомодельдеу; робототехника; космонавтика; 3Д-модельдеу; компьютерлік графика; машина жасау; ғарыштық радиобайланыс; радиотехника; мотоцикл спорты; картинг; модельдеу; ату спорты; инженерлік жобалау негіздері; робототехникалық және мехатрондық жүйелердің инженерлік жобалау негіздері; өнертапқыштық және рационализаторлық; радиоспорт; радиоэлектроника; құрастыру; бағдарламалау; компьютерлік дизайн; кинобейне жасау; желкенді іс; электротехника; химиялық-техникалық бағдарламалау; лего-құрастыру; спорттық радиомоделизм; авто ісі негіздері; сәулеттік модельдеу; сәулет құрылыстарының технологиясы; телестудия; техникалық бағдарламалау; әскери техниканы модельдеу; стендтік моделизм; шағын көлемді су көлігін модельдеу; аэроғарыштық білім беру және модельдеу; ғарыштық ғылым; рендеринг – физикалық модель проекциясын құру; ұшу-парашюттік дайындық; квадроциклдер; қарда жүргіштер; ағаш ұстасы; автослесарь; багги; физика және робототехника; робототехника: құрастыру және бағдарламалау; ұлттық қолөнер; жас құтқарушы; STEAM-зертхана (СТЭМ-зертхана); ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған құрастыру; киберспорт ұшқышсыз ұшу аппараттары); орын саны - 51 орын; Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысына сәйкес бір балаға 12 235 теңге көзделген.

       2. Көркемдік-эстетикалық бағыт (керамика, қыш бұйымдары ісі; модельдеу, мүсін, керамикалық мүсін; кесте тігу; тоқыма тоқу; тігу, макраме; оригами, қағаздан жасалған қолөнер (гүлдер, құстар, жануарлар); кілем тоқу; зергерлік өнер; ағаштан көркем кескіндеме; металға көркемдік кескіндеме; керамикаға көркем кескіндеме; былғарыны көркем өңдеу; металды көркемдік өңдеу; пирография, ағаш күйдіру, былғары, мата; киімді көркемдік үлгілеу; томбурлы кестелеу; ағашты көркемдік өңдеу; арт-терапия; сән дизайны қыш өнері, модельдеу); орын саны - 77 орын; Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысына сәйкес бір балаға 12 235 теңге көзделген.

      3. Әлеуметтік-педагогикалық бағыт (журналистика, медиа орталықтар; пікірсайыс қозғалысы; еріктілер қозғалысы; кәсіпкерлік негіздері; шешендік өнер); орын саны - 40 орын; Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысына сәйкес бір балаға 12 235 теңге көзделген.

      4. Гуманитарлық бағыт (тіл курстары); орын саны - 26 орын; Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы № А-10/547 қаулысына сәйкес бір балаға 12 235 теңге көзделген.

      5. Жаратылыстану-математикалық бағыт (математикалық курстар). орын саны - 15 орын; Ақмола облысы әкімдігінің 2021 жылғы 28 қазандағы

№ А-10/547 қаулысына сәйкес бір балаға 12 235 теңге көзделген.

 

Балаларға қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға үміткер ұйымдар білім бөліміне (аумақтылығы бойынша)мынадай құжаттарды ұсынады:

Жобаға қатысқысы келетін ұйымдар білім бөліміне (аумағы бойынша) келесі құжаттарды                 тапсыруы қажет:

  1. Қосымша білім беруге  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 1);
  2. «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне нысан бойынша енгізу туралы комиссия төрағасының атына өтініш (қосымша 2);
  3. нысан бойынша мемлекеттік тапсырысты орналастыру жоспарланған үйірмелер мен секциялар туралы ақпарат (қосымша 3);
  4. Ұйымның жарғысы (Ереже, құрылтай шарты);
  5. жылжымайтын мүлікке құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі немесе ұйым пайдаланатын жалға алу шартының көшірмесі;
  6. балаларға арналған қосымша білімнің білім беру бағдарламалары;
  7. Тиісті бейін бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар және білім алушыларды және (немесе) тәрбиеленушілерді оқыту және тәрбиелеу, білім беру қызметін әдістемелік сүйемелдеу немесе ұйымдастыру жөніндегі педагогтің кәсіптік қызметін жүзеге асыратын белгіленген үлгідегі білім туралы педагогтердің құжаттарының көшірмелері;
  8. штат кестесінің көшірмесі;
  9. педагогтердің біліктілік деңгейі туралы нысан бойынша мәліметтер, сондай-ақ педагогтің біліктілік санатын беру (растау) туралы куәлігі қоса беріледі (қосымша 4);
  10. Ұйымның жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың (бар болса) (жарғыға, құрылтай құжаттарына, келісімшартқа сәйкес) көшірмелерінің немесе Ұйымның тәжірибесінің жоқтығы туралы хаттың болуы.
  11.  Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған бейнебақылау камераларын орналастыру схемасы;
  12.  Ұйым басшысының қолымен және мөрімен куәландырылған және өрт қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті органмен келісілген Өрт кезіндегі эвакуациялау жоспарының схемасы.
  13. нұсқаулыққа сәйкес терроризмге қарсы қорғау талаптары.

Аталған құжаттар нөмірленеді, тігіледі, ұйым басшысы қол қояды, мөрмен (бар болса) немесе басшының қолымен расталады.

Нысандар қоса беріледі.

Құжаттарды қабылдауды Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі хабарландыру орналастырылған сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады. Ағымдағы жылғы 10-16 қыркүйек аралығында (қоса алғанда).

Ұйымдар басшының қолы қойылған және мөрмен (бар болса) куәландырылған құжаттарды Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі кеңсесінің электрондық поштасына жібереді Kosshy2022@mail.ru егер Электрондық форматта құжаттарды ұсыну мүмкіндігі болмаған кезде көрсетілген құжаттарды Ұйым қағаз форматында концелярияға жібереді.

Мекен жайы: Қосшы қаласы, Республика көшесі, 46 ғимарат, байланыс телефоны: 87172607776

 

 

Өтініш нысаны (қосымша білім беру ұйымының бланкінде толтырылады)

Қосымша білім беруге

                                                     мемлекеттік білім беру

                                                         тапсырысын орналастыру

                                                                 бойынша комиссия төрағасына

 

 
 

 

 

(төрағаның Т.А.Ә.

(бар болғанда))

 

Өтініш

 

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін қосымша білім       беру бойынша

қызмет көрсетушілердің тізбесіне

 

 

 

 
 

 

 

(Ұйымның атауы)

қосуды өтінемін.

Келесіні хабарлаймын:

  1. дайындық бағыты                              ;
  2. орналасқан орны                              .

Балаларға қосымша білім беру үшін мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырумен қамтамасыз етілген балаларға білім     беру қызметтері үшін ата-аналар

төлемдерін алмауға міндеттенемін.

Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар                    бетте.

Қосымша білім беру ұйымының басшысы                                                          

(Т.А.Ә. (бар болғанда))

                                      М.О.

(қолы) Толтырылған күні

 

 

 

 

 

 

Просмотров: 1484


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст