1. Жалпы ережелер
1) Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер: «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Заңды мекенжайы: Қосшы қаласы, Ғани Абсагитов көшесі 7, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, телефон нөмірлері: 8 (7172) 60-77-76, электрондық мекенжайы: kosshy2022@mail.ru
2) Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:
Қосшы қаласының білім беру саласында 22 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.
2023 жылы Қосшы қаласының білім беру ұйымдары 12859 қызмет көрсетті;
ХҚКО арқылы- 156, ЭҮП – 1992, және мемлекеттік орган арқылы - 10711. көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) – 881 қызмет.
көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланысу және өтінішті ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық қарау («электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталын қоспағанда) ) - 2899 қызмет.
Білім саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.
2022 жылы білім бөлімі, аудандардың (қалалардың) бөлімдері және ведомстволық бағынысты білім беру ұйымдары 7662 қызмет көрсетті; олардың ХҚКО арқылы-43, ЭҮП – 736 және мемлекеттік орган арқылы – 6883 қызмет.
2023 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 966, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 2290, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- 2139, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 4813.
2. Қызметті алушылармен жұмыс:
1) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қол жеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.
Көрсетілетін қызметті алушыларға қажетті барлық ақпарат Білім бөлімінің http://kosshi.aqmoedu.kz/ ресми интернет-ресурсында «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде орналастырылған, мемлекеттік қызметтерді көрсету ережелері мен стандарттары орналастырылған. Сондай-ақ, барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарда мемлекеттік қызмет көрсету ережелері мен стандарттары ақпараттық стендтерде орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары бар.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін айқындайтын заңға тәуелді және нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қоғамдық талқылау туралы ақпарат.
Қазіргі уақытта ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында заңға тәуелді актілердің жобаларын қоғамдық талқылау жүргізілуде.
3) Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (түсіндіру жұмыстары, семинарлар, кездесулер, сұхбаттар және басқалар).
3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.
1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында қаладағы барлық мектепке дейінгі білім беру ұйымдары Akmola.kz бірыңғай ақпараттық жүйесінде жұмыс істейді. Жүйе 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызметті жүзеге асырады.
2) Мемлекеттік қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған шаралар.
5. Одан әрі тиімділік және қызмет алушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттануын арттыру перспективалары.
Көрсетілетін қызметті алушылардың қанағаттануын арттыру және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында 2024 жылға арналған Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуын бақылау іс-шараларының жоспары бекітілді.
2024 жылы білім басқармасы мен ведомстволық бағынысты ұйымдар жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтермен қамтамасыз ету жұмыстарын жалғастырады.