2022 жылға мемлекеттік қызметтерді көрсету мәселелері жөніндегі
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ есебі
Қосшы қаласының мемлекеттік мекемелерімен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі қызметтерді іске асыратын мемлекеттік органдардың бірлестірілген жүйесіне енеді.
Тұрғындарға көрсетілетін мемлекттік қызметтің сапасын арттыру бұл азаматтар арасында мемлекеттік органдардың қызметіне деген сенімін арттырады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұрудың негізгі аспектісі.
Мемлекеттік қызметтер келесі негізгі принциптердің негізінде көрсетіледі:
- ата-тегінің, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайының, жынысының, нәсілінің, ұлтының, тілінің, дінге қатысанысың, сенімінің, тұратын жерінің немесе басқа да жағдайлардың себебін кемсітпеусіз қызмет алушылардың тең қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында былық және бюрократизм көріністерін болдырмау;
- мемлекеттік қызмет көрсету саласында есепшілік пен барлығының байқалып, көрінуі;
- мемлекеттік қызметтің сапасы мен қол жетімділігі;
- мемлекеттік қызметті көрсету процессін үнемі жетілдіріп отыру;
- мемлекеттік қызметті көрсетудегі үнемділік пен тиімділік.
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік қызметтің жиырма екі түрін көрсетеді:
1.«Қорғаншылық және қамқоршылық жөнінде анықтама беру»
2.«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»
3.«Кәмелетке толмаған балалардың мүлкіне иелік ету және кәмелетке толмаған балаларға мұра ресімдеу үшін анықтамалар беру»
4. «Балаға кері әсер етпейтін ата-ана құқықтарынан айырылған ата-аналарға баламен кездесуіне рұқсат беру»
5. «Он жасқа толған баланың пікірін есепке алу туралы қорғаншылар мен қамқоршылар органдарының шешімін беру»
6. «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (6 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою»
7.«Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау»
8.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»
9.«Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін құжаттарды қабылдау»
10.«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау»
11.«Шалғайдағы ауылдық елді мекендерде тұратын балаларды жалпы білім беру ұйымдарына және кері қарай үйлеріне тегін тасымалдауды ұсыну»
12. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну»
13. «Аз қамтылған отбасылардағы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру»
14.«Негізгі орта, жалпы білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру»
15. «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау»
16. «Қамқоршыларға немесе қорғаншыларға жетім баланы (жетім балаларды) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы (балаларды) асырап-бағуға жәрдемақы тағайындау»
17. «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешiлерге берiлген баланы (балаларды) асырап-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
18. «Бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке қою»
19. «Жетім баланы және (немесе) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы асырап алуға байланысты біржолғы ақшалай төлемді тағайындау»
20. «Баланы (балаларды) қабылдаушы отбасына тәрбиелеуге беру және оларды асырауға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау»
21. «Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру»
22. «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға біліктілік санаттарын беру (растау) үшін аттестаттаудан өткізуге құжаттар қабылдау»
Барлық мемлекеттік қызметтер ҚР 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік қызметтер туралы» Заңының 24-бабының негізінде ақысыз көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтерді көрсету барысында мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының Конституциясымен негізделген «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі №88- V Заңын және бекітілген стандарттар мен ережелері басшылық етеді.
2022 жылы ауданда мемлекеттік қызметтің 16 түрі бойынша 7662 қызметі көрсетілді, олардың ХҚКО арқылы- 43, ЭҮП – 736, және меморган арқылы - 6883.
2022 жылы жүргізілген сараптаманың негізінде білім саласындағы ең талап етілетін мемлекеттік қызметтер: «Мектепке дейінгі балалар ұйымына жіберу үшін мектеп жасына дейінгі (6 жасқа дейін) балаларды кезекке қою» – 1210, «Мектепке дейінгі білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау» - 1116, «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»- 1800, «Жалпы білім беретін оқу орындары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» - 2999, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну» - 254.
Қосшы қаласында мемлекеттік қызметтің көрсетілу реті туралы ақпарат Қосшы қаласы бойынша білім бөлімінің интернет-ресурсының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» бөлімінде шығарылады. Мемлекеттік қызметтің стандарттары мен ережелерін бекіту мүмкіншілігі бойынша сайттың бұл бөлімі үнемі жаңартылып тұрады. Сонымен қатар ақпарат мемлекеттік органдарда баршаға көрінетін жерлерде ақпараттық стендтерде орналастырылған, жергілікті «jana BASTAU» газетінде жарияланады.
«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша 2022 жылы instagram желісі арқылы 2 тікелей эфир өткізді, сондай-ақ жергілікті " jana BASTAU " газетінде 3 мақала жарияланды .
2022 жылдың 1 қаңтарынан 31 желтоқсаны аралығында мемлекеттік қызмет тұтынушыларынан жергілікті атқарушы органдарға шағым түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметті көрсету сапасына бақылау жүргізу, мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қоғамдық мониторинг және бағасы келесі принциптерге негізделеді:
1) заңдылық;
2) объективтілік;
3) турашылдық;
4) туралық
Қызметті тұтынушылардың мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттандырылуының әрі қарай тиімділігі мен жетілдіру үшін 2023 жылы мемлекеттік қызметті уақытылы көрсетуге бағытталған ұйымдастырушылық сипаттағы сәйкес келетін шаралар қолдану.
«Электронды үкімет» порталы, Мемлекеттік корпорация орталығы арқылы көрсетілетін мемлекеттік қызметті қолданушылардың санын арттыру бойынша жұмысты жалғастыру.
Байланыс ақпараты:
Қосшы қаласы, Ғани Абсагитов көшесі 7, «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің, телефон нөмірлері: 8 (7172) 60-77-76, электрондық мекенжайы: kosshy2022@mail.ru
Қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа жұмыс күндері сағат 9.00-ден 18.30-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ге дейін жүзеге асырылады..
Қосшы қаласы бойынша
білім бөлімінің басшысы Қ. Ахметов