Қосшы қаласының білім бөлімі «Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) асырап – бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» мемлекеттік қызметін көрсетеді.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін өтінішті қабылдау егов- «электрондық үкімет» порталы арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін сайтта қажет egov.kz отбасы бөліміндегі электрондық-цифрлық қолтаңба арқылы қорғаншылықты, қамқоршылықты және қолдауды таңдау –«Баланы (балаларды) патронаттық тәрбиелеуге беру және патронат тәрбиешілерге берілген баланы (балаларды) күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлеуді тағайындау» қызметін табу және келесі құжаттар топтамасын тіркей отырып, электрондық өтініш беру (яғни, құжаттардың сканерленген нұсқалары) қоса беру арқылы электрондық өтініш береді:
1) өтініш;
2) егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрған жағдайда жұбайының (зайыбының) келісімінің электрондық көшірмесі;
3) неке қию туралы куәліктің электрондық көшірмесі;
4) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) жұбайының (зайыбының) тұрғын үйді пайдалану құқығын растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі (тұрғын үйге меншік құқығы болмаған жағдайда);
5) егер некеде тұрса, көрсетілетін қызметті алушының және жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы анықтаманың электрондық көшірмесі;
6) білім туралы дипломның электрондық көшірмесі;
7)жетім балаларды және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды (баланың жақын туыстарын қоспағанда) отбасына тәрбиелеуге қабылдауға тілек білдірген адамдарды даярлаудан өткені туралы сертификаттың электрондық көшірмесі;
8) Екінші деңгейдегі банкте ағымдағы шот ашу туралы шарттың электрондық көшірмесі;
9) туыстарының, өгей әкесінің (өгей шешесінің) балаға (балаларға) туыстық фактісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері.
Порталға жүгінген сәттен бастап мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі - 10 жұмыс күні.
Барлық туындаған сұрақтар бойынша білім бөлімінің қорғаншылық және қамқоршылық органына 60-77-76 нөмірі бойынша хабарласа аласыз.