Қосшы қаласының № 4 жалпы орта білім беретін мектебі 1200 орындық оқушыларымыз үшін ашылған еді. Осы жаңа мектепте жоспарға сай барлық Қосшы қаласы бойынша барлық денешынықтыру пәндерінің әдістемелік жетекшілері осы жаңа мектепте семинар 2 қыркүйекте сағ 14.30 да спортзалда өтті.
Күн тәртібінде
2024-2025 оқу жылының басталуына орай тақырыптық күнтізбелік және жоспарға сай Қосшы қаласының жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «ЖАСТАР» ХХVIІІ Спартакиадасының ЕРЕЖЕСІМЕН таныстырылып талқыланды. Сонымен қатар ІІІ турдан өтетін «Үздік денешынықтыру пәнінің мұғалімі» атты байқау ережесімен танысты.
Байқаудың нұсқаулықтары оқылып оған тек сарапшы санатына сай мұғалімдер қатыса алатындығы сөз қозғалды.
Жоспарлы түрде жыл бойы өтетін спорттық іс шараларды мектептерге бөлініп, ол ісшараға жауапты төрағалар сайланып, тапсырмалар жүктелінді.
Алдағы уақытта оқушыларымыздың өмір қауіпсіздігі үшін спорттық залдарда және спорттық алаңдарда мектепті жөндеу кезінде қозғалған шкаф сөрелермен футбол қақпаларының орнықты түрде орнатылуына мән берілді. Себебі оқушыларымыздың денсаулығына қатер төндірмес үшін жасалатын алдын алу (профилактикалық) шаралары қатаң сынға алынды.
Білім басқармасы және білім бөлімі тарапынан спорттық құрылғылары беріліп, денешынықтыру пәнінің жүргізу үшін қолайлы жағдайлар жасалынып жатқандығы айтылды.
Денешынықтыру пәні мұғалімдеріне жаңа оқу жылында сәттілік тілейміз!