Текст
2024 жылғы 15 сәуірде «Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ -нің аясында, Қосшы қаласы бойынша жалпы білім беретін мектептер арасындағы денешынықтыру пәндерінің әдістемелік бірлестіктерінің жетекшілері бойынша қаламыздың №1 ЖОББМ шахмат кабинетінде семинар өтті.
Ол семинарда жыл бойы өткізілген спорттық ісшаралар жөнінде бірінші жылдықты талқыланып, одан әрі «Мұғалім-2024» спартакиадасын талқыланып, сонымен қатар спорттық құрылғылармен спорттық жабдықтар туралы сөз қозғалды. Білім бөлімі тарапынан бекітілген ісшаралар жоспарына сәйкес, спорттық алаңдармен олардың жай күйі әңгіме қозғалып, жазғы Президенттік көпсайыс, жеңіл атлетика, 7-8 сыныптар бойынша футбол т.б ойын жарыстары талқыланып, міндеттемелер жүктелді.