2023-2024 оқу жылына арналған алғашқы әскери дайындық және технология пәні бойынша мұғалімдерінің әдістемелік бірлестігінің жоспарына сай бүгін, яғни 28 наурызда №1 ЖОББМ-нің АӘДТ пәні кабинетінде Әскери жағдайда шабуыл жасау тақырыбында жұмыс туралы семинар болды. №1 ЖОББМ-нің мұғалім Ауесханов А.С баяндама жасап, сонымен қатар «Жігер» және «Намыс» Спартакиадалары аясында Қосшы қаласы бойынша жалып білім беретін мектептер арасында «Отан қорғаушы» әскери-спорттық кешенінің нормативтерін орындау туралы облыс жарыстарды ұйымдастырылуы қаралды. Білім бөлімінің әдіскері тарапынан әскери клубтарды ашу тақырыбы қозғалып осымен бірге 5 күндік оқу дала жиыны туралы айтылып жоспарлы түрде Тайтөбе а. ЖОББМ базасында өтетіндігі жайында сөз қозғалды. 05 сәуірінде өтетін әскери спорттық және саптық жарысы болатындығы туралы нақты тапсырмалар жүктелді.