«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Қосшы қалалық кәсіподақ филиалының желісі бойынша көктемгі құттықтаулар жалғасын табуда.

07.03.2024

#МАРАПАТТАУ

 Қосшы қалалық кәсіподақ филиалының желісі бойынша көктемгі құттықтаулар жалғасын табуда. Қосшы қ. «Мектеп гимназия» КММ базасында салтанатты жиын өтті. Ол жиында  «Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ-нің қолдауымен Қосшы қаласы бойынша мұғалімдері  Яковлева Галина Васильевна «еңбек ардагері» белгісімен, сонымен қатар  Тусупова Айжан Тлеужанқызы төс белгімен, Асабаева Зульфия Талиповна мен Куанышова Гулжайна Бердибекқызы құрмет грамоталарымен қала әкімінің қолынан марапатталды.

 Қалалық білім қызметкерлері арасында «Волейбол» ойындары ұйымдастырылды. Қосшы қаласы  кәсіподақ филиалының  жоспарына сәйкес 29.02.2024 күні № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде  «8 наурыз» халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай білім беру ұйымдарының қыздар ұстаздары командалары арасында «ВОЛЕЙБОЛ»  ЖАРЫСЫ  өткізілді.

6 наурызда №3 ЖОББМ базасында «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай білім қызметкерлеріне арналған білім бөлімінің басшысының қатысумен салтанатты жиын өтті. Алғашқы жылы лебіз сөз құттықтауынан кейін білім бөлім басшысы білім қызметкерлерін « Қазақстандық оқу ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының Астана қаласы мен Ақмола облыстық ұйымы» ҚБ-нің құрмет грамоталарымен бағалы сыйлықтарымен марапатталды. Соңында арнайы концерттік бағдарламасымен тамашаланды.

 

 

Просмотров: 863


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст