Қосшы қаласының Кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен ақпан айының 29-ы күні Қосшы қаласының № 2 жалпы орта білім беретін мектебінде “8-наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне орай білім қызметкерлері әйелдер арасында қалалық волейбол жарысы өткізілді. Жарысқа 6 мектеп қызметкерлер командасы қатысты. Тартысты бәсекеде барлық команда ойыншылары бар шеберліктерін көрсетті.
Қызу тартысты өткен жарыстың қорытындысы бойынша:
І орын – IT мектеп - лицей
ІІ орын - № 2 ЖОББМ
ІІІ орын - Тайтөбе ауылының ЖОББМ командалары спортшылары иеленді. Жеңімпаздар диплом, сыйлықтармен марапатталды. Ойында белсенді шеберлігін көрсеткен «Үздік ойыншы» № 2 ЖОББМ мұғалімі Шахманова Адигуль, «Үздік байланыстырушы» № 2 ЖОББМ мұғалімі Омарова Венера, «Үздік шабуылшы» Тайтөбе ауылының ЖОББМ мұғалімі Қуанышова Жайнагульге дипломмен мен арнайы сыйлықтар берілді.