«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ақмола облысының білім беру жүйесін цифрландыру" семинар-мәжілісі

15.02.2024

2024 жылғы 14 ақпан күні Қосшы қаласы № 3 ЖОББМ базасында Ақмола өңірлік білім берудегі жаңа технологиялар орталығының директоры Б. А. Қадыров және мамандары С. М. Сейпиева және Г. Т. Досмағанбетова облыстық семинар өткізді, оған цифрландыру мәселелеріне жетекшілік ететін аудандар мен қалалардың білім бөлімдерінің әдіскерлері (үйлестірушілері) қатысты. Семинарда келесі мәселелер қарастырылды:

  • E-ASHANA аппараттық-бағдарламалық кешенінің тұсаукесері
  • «Пәндерді оқытудың инновациялық тәсілдерін енгізу, қажетті оқулықтарды цифрлық форматқа көшіру» 81-тармағын, «оқу материалдарына лезде қол жеткізуді, мектеп ғимаратына кіруді қамтамасыз ететін және тамақтану үшін ақы төлеу құралы болып табылатын оқушыларға арналған сәйкестендіру карточкалары жүйесін іске қосу» 82-тармағын Қазақстан Республикасы Президентінің «әділ» сайлауалды бағдарламасы шеңберінде іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын іске асыру туралы Мемлекет басшысының 2021 жылғы 1 қыркүйектегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар - ел өркендеуінің берік негізі» атты 2024-2026 жылдарға арналған Жолдауын іске асыру жөніндегі шаралар туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2021 жылғы 13 қыркүйектегі № 659 Жарлығының 42-тармағы
  • Ақмола облысының білім беру ұйымдарын цифрландырудың жай-күйі туралы
  • Білім беру ұйымының сайттарын сүйемелдеу, үшінші деңгейдегі еdu.kz домендерді тіркеу

Семинар соңында үйлестірушілердің жұмыстарының қорытындысы, цифрландыру саласындағы Ақмола облысының қалалары мен аудандарының көрсеткіштері талқыланып, алғыс хаттар мен мадақтамалар табысталды.

Просмотров: 779


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст