22 қаңтар 2024 жылы Целиноград ауданы Қараөткель мектеп гимназиясында Білім басқармасымен келісе отырып, Облыстық кәсіподақтың бастамасымен Салалық кәсіподақ өңірлерінде білім бері ұйымдарының келісу комиссиясының мүшелері үшін семинар-кеңес өткізілді.
ҚР Еңбек Кодексінің 15-тарауы 159 бабы 8-тармағына сәйкес келісу комиссиясының мүшелері Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын қолдану ,келіссөздер жүргізу дағдыларын дамыту және еңбек дауларында консенсусқа қол жеткізу бойынша жыл сайын оқудан өту мақсатында Целиноград ауданы ,Қосшы қаласынан ,АТК Жаңа есіл ауылынан келген комиссия мүшелері қатысты, барлығы 130 адам.
Осы семинарға Бектабанов Айдарбек Жасұланұлы – Қазақстандық оқу-ағарту ,ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс,еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің бас маманы осы жиынды бастап келісу коммисиясының құрылымы туралы және оның қалай жұмыс жасайтының мақсат, жоспарларымен экрандағы слайд арқылы тыңдаушыларға жеткізді. Өтініштерді қарастыру, дауларды шешу, хаттамаларын қалай толтыру жолдарымен қарау мерзімдерін таныстырды.
Келесі баяндамашы Гулзат Базарқызы Бралина – Қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының құқықтық жұмыс, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бөлімінің жетекші маманы семинарға қатысушыларға осы бүгінгі іс шараның маңыздығына тоқталды, әр келісу комиссия мүшелері оқуға қатысты деген сертификат алады, осы құжаттың мерзімі ұжымдық шарт сияқты үш жыл мерзімге бекітілетіндігіне тоқталды.
Семинарды Абдрахманов Бейсембай Қадырұлы-Астана қаласы Ақмола облысы оқу-ағарту ғылым және жоғары білім қызметкерлері салалық кәсіподағының төрағасы жалғастырды. Өзінің баяндамасында облыстық кәсіподақ Кеңесінің өткен жылғы орындалған іс -шараларға, жетістіктерге тезістер арқылы тоқталды. Бүгінгі болған семинар жоғарғы денгейде өтті тыңдаушыларға үлкен әсер берді, екі жақты диалог турінде бірнеше құжаттар талқыланды, біраз құжаттармен танысып, келісім комиссиясының жұмысы туралы көптеген ақпарат алды. Жиын соңында қатысушылардың сұрақтарына семинар өткізушілері жауап берді.