«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, әріптестік орнату мақсатында «Зерттеу дизайны: теориядан практикаға» облыстық оқыту семинары өтті

05.01.2024
04.01.2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде Назарбаев Зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату, әріптестік орнату мақсатында «Зерттеу дизайны: теориядан практикаға» облыстық оқыту семинары өтіп, алдағы уақытта тәжірибе алмасу мақсатында меморандумға отырды.
Сонымен қатар семинардың екінші бөлімінде «Тілдік пәндер мұғалімдерінің құзіреттілігін арттыру» тақырыбында семинар-практикумы жалғасын тапты.
Мақсаты: Тілдік пәндерді оқутыу саласында тәжірибе алмасу және мұғалімдердің кәсіби құзіреттілік деңгейін арттыру.
Меморандумның мақсаты: өзара ынтымақтастықты дамытуға күш салады:
- тренингтер, семинарлар және қосымша курстар ұйымдастыру түрінде оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру;
- қосымша курстар ұйымдастыру түрінде мектеп оқушыларының цифрлық дамуы;
- бірлескен білім беру және кәсіби іс-шараларды (форумдар, конференциялар, семинарлар, көрмелер және т. б.) ұйымдастыру және өткізу;
- Тараптар өзара келіскен, Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін ынтымақтастықтың кез келген басқа бағыттары.
Алдағы уақытта мектеп-гимназияның меморандум арқылы дами түсуіне әбден сенеміз!
Просмотров: 638


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст