«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Озық тәжірибе: зерттеу, жинақтау, талдау» тақырыбында қалалық семинар

05.01.2024

Мектеп тәжірибесін жетілдіру мақсатында басқа мектептердің ұстаздарымен тығыз ынтымақтастықта болып Қосшы қаласының білім бөлімінің қолдауымен, біздің мектебімізде, яғни «Қосшы қаласының Рақымжан Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ»  «Озық тәжірибе: зерттеу, жинақтау, талдау» тақырыбында қалалық семинар 2024 жылдың қаңтардың 5 – күні өтті. Семинардың мақсаты: Жаңашыл заманауи педагогтардың авторлық тәжірибесін тарату. Міндеттері: білім беру мазмұнын жетілдіру; шығармашыл ұстаздарды қолдау; педагогтардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын насихаттау.

Семинарды салтанатты түрде қалалық білім бөлімінің әдіскерлері Д.Қ. Сарсембеков, Алшынбаева Т.Т., Калиев Н.С. және мектеп  директоры С.Қ. Ильясова  ашты.

Жоспар бойынша семинар 4 секцияға бөлінді: Жаратылыстану – математикалық пәндері, гуманитарлық пәндері, бастауыш сыныптар пәндері және мектепалды даярлық бағыттар бойынша.

Тренингтер мен шебер сыныптарға қатысқан ұстаздардың   пікірі бойынша, аталған іс – шаралар жоғары деңгейде өтті.

Мектебіміздің талантты ұстаздары мен оқушылардың да өнерін “ Ұстазым, ұлағатым-үлгі өнегем”  атты концерттік бағдарламында келген қонақтар тамашалады. Семинар соңында тәжірибесімен бөліскен және қатысқан ұстаздарды қалалық білім бөлімінің әдіскерлері сертификаттармен марапаттап, жылы лебіздерін білдірді.

Просмотров: 485


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст