12 сәуірде «IT мектеп-лицей базасында» кәсіподақ кеңесінің бірінші отырыс өтті. Қосшы қаласының кәсіподақ филиалының 2023 жылға арналған жұмыстарының жоспарымен кәсіподақ кеңесінің төрағасы Б.Камиев таныстырды. Аталған, жоспармен кәсіподақ төрайымдары танысты.
Алдағы уақытта кәсіподақ мүшелердің балаларын демалыс орындарымен қамтамасыз ету және мектептерді ұжымдық шартты талқылап, әркім өз пікірлерін айтты. Мектепішілік білім қызметкерлерінің спартакиадасы мамыр айында және ұстаздар арасында екі жұлдыз 14 сәуірде өтетінін айтылды. Сонымен қатар есептер тыңдалып, алдағы жоспарға сәйкес мамыр мерекелерін ұйымдастыру шаралары таныстырылды. 28 сәуірде "Дүниежүзілік еңбекті қорғау күніне" орай білім беру мекемелерінде қауіпсіз және салауатты жұмыс ортасы-еңбек саласындағы негізгі қағидаты мен құқығы басты назар алынып, міндеттемелер мен тапсырмалар жүктелді. Осы шаралар бойынша байқау, фото суреттер арқылы жеңіске жеткен қатысушыларды қалалық кәсіподақтың әлеуметтік желісіне орналастыру.