Текст
30.11.2022 ж. Қосшы қаласының Р. Қошқарбаев атындағы №1 мектебінде "Жаратылыстану-математика бағытындағы пәндерді кіріктіре оқыту арқылы оқытуды ынталандыру" тақырыбында қалалық семинар өткізілді. Семинар барысында ҚР "Үздік педагогі", IT мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Байғанат Р.Б., №2 мектебінің педогог-шебер санатындағы химия пән мұғалімі Нажбиева Г.С. шебер-сағатын өткізді. №1 мектебінің ұстаздары ЖунусоваЭ.С. (биология), Кожакелдиев Б.(география), Балабекова Д.(физика), Ахметтұрсын Ж. (математика), Берсенкулова Ұ.(информатика), Мұратхан Ж.(химия) " Табиғи ресурстардың азаюы" ортақ тақырып бойынша кіріктірілген сабақтар өткізді. Семинар соңында кері байланыс орнатылып, сабақтар бағаланды.