Текст
29 қыркүйек күні “Ұстаз-ұлы тұлға” атты ұстаздар күніне арналған мерекелік іс- шара өтті.
Мерекелік іс-шарада ұстаздар Қазақстан Республикасының білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін күміс төсбелгісімен және құрмет грамотасымен, қала әкімінің, Ақмола облысының білім басқармасының, Қосшы қаласы білім бөлімінің Құрмет грамотасы және Алғыс хаттарымен марапатталып, облыстық кәсіподақ кеңесінің атынан “Дискавери-Боровое”сауықтыру орталығына жолдамаға ие болды.
Құрметті ұстаздар, әріптестер!
Қадірменді білім саласының ардагерлері!
Баршаңызды еліміздегі басты кәсіби мерекелердің бірі - мұғалімдер күнімен шын жүректен құттықтаймыз!