23.09.2022ж. «Алтын дән» балабақшасында денсаулық күніне орай
№ 2 Қосшы орта мектебінің 0 «д» мектепалды даярлық сыныбы мен балабақшаның мектепалды тобы арасында «Жүзден жүйрік!!» атты спорттық сайыс өтті.
Мақсаты: Салауатты өмір салтын насихаттауға және спортпен шұғылдануға шақыру. Сымбаттылыққа, шымыр болуға, ептілікке тәрбиелеу. Күш қуат пен сергектікті дамыту.
Балалар үшін бұл үлкен мереке. Көңілді сауық-сайран, шулы жарыстар және қызықты ойындарсыз балалардың өмірін елестету мүмкін емес. Балаларды дене шынықтыру жаттығуларына және салауатты өмір салтына баулу мақсатында 6 бөлімнен тұратын сайыс ұйымдастырылды. Балалар шапшаңдылық пен ептіліктерін көрсетті. Сайыстың қорытындысы бойынша мектепалды даярлық сыныбы жеңіске жетіп мақтау қағазы мен сыйлықтармен марапатталды.