«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Мектепке жол» Республикалық акциясы Қосшы мектептерінде өтуде

15.08.2022

2022 жылы «Мектепке жол» Республикалық акциясы (бұдан әрі – Акция) балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы  19 қаңтардағы №780 Жарлығымен жарияланған Балалар жылын іске асыру шеңберінде өткізіледі.

Акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.

Қазақстан Республикасының әрбір азаматы халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсенділік таныта алады, оның мектепке жолы қуанышты болуы үшін әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.

Акцияның мақсаты-аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға, жетім балаларға, сондай-ақ ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының басталуына дайындық кезінде материалдық қолдау көрсету және әлеуметтік себептер бойынша балалардың мектепке келмеуінің алдын алу.


Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызы. Республикалық акция 2022-2023 оқу жылы бойы жалғасады.

2022-2023 оқу жылында «Мектепке жол» акциясы аясында Р.Қошқарбай атындағы №1 орта мектебінде жеке кәсіпкердің қолдауымен  аз қамтылған және көп балалы отбасыларынан шыққан 34 оқушыға, соның ішінде 1 сыныпта оқитын 14 оқушыға, 260 000 мың теңге көлемінде мектеп киімдері және рюкзак түрінде көмек көрсетілді. 

Просмотров: 320


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст