ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСАДЫ
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап қолға алынып келе жатқан жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетін форматқа ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі аз қамтылған және көп балалы отбасылар санатындағы оқушыларға, жетім балалар мен ата- ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға оқу жылының бастылуына дайындық кезеңінде көмек көрсету және Балалар жылын іске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуінің алдын алу мақсатында «Мектепке жол» республикалық акциясы өткізіледі.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, ал акцияның ұраны: «Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық»
Осыған орай Косшы қаласының әрбір азаматы, бизнесмендері, кәсіпкерлері мен мецанаттары халықтың әлеуметтік осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуге азаматтық белсенділік таныта алады, балалардың мектепке куанып баруы үшін әрқайсына шынайы қамқорлықпен назар аудара алады.
Ж.Г. Балгожин Қосшы қаласы білім бөлімінің әдіскері