«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурс

02.08.2022

         Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерінің жеткізушісін таңдау мақсатында өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орындарды анықтау, 2022 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсан айына дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік білім беру тапсырысына енгізілген жаңа орындардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді: Қосшы қаласы  бойынша 808 орын.

 

         Конкурсқа қатысуға өтінімдерді әлеуетті жеткізушілер немесе олардың уәкілетті өкілдері (тиісті түрде рәсімделген сенімхат болған жағдайда) 2022 жылдың 23 тамыз  сағат  12-00-ге дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі»  ММ-нің әдіскерлер бөліміне немесе «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ-нің  тіркелген почта арқылы, ұсынады - Ақмола облысы, Қосшы қаласы, индекс 010078, Республика көшесі, 46. (Қосшы қаласының әкімшілік ғимараты) тел. 60-77-76, 8-775-333-73-66.
          Конкурсқа қатысуға өтінімді толтыруға және әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ұсынуға қойылатын талаптар еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесінде қарастырылған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген (осы хабарландыруға №1 қосымша) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің дайындық бөлімдеріне.

 

 

 

 

 

 

 

 
Жеке мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында 
 мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға
 мемлекеттік білім беру тапсырысын
 орналастыру бойынша конкурс хабарламасына №1 қосымша

 

Конкурстық құжаттама

Жалпы ережелер

              Конкурс мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқыту қызметтерінің жеткізушісін таңдау мақсатында өткізіледі. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыратын орындарды анықтау, 2022 жылғы қыркүйектен бастап желтоқсан айына дейін «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ мемлекеттік білім беру тапсырысына енгізілген жаңа орындардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді: Ақмола облысы, Қосшы қаласы бойынша 808 орын.

           Конкурсқа қатысуға өтінімді толтыруға және әлеуетті жеткізушілердің конкурсқа қатысуға өтінімдері бар конверттерді ұсынуға қойылатын талаптар еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру ережесінде қарастырылған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 бұйрығымен бекітілген (осы хабарландыруға №1 қосымша) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, орта білім берудің дайындық бөлімдеріне, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 30 қазандағы № 595 бұйрығымен бекітілген тиісті типтегі білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидалары (1 қосымша, 1 тарау, 1,2,3 тармақтар).

          Конкурсқа қатысуға өтінім берген жеке меншік мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

Өтінім нысаны еркін.

          Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органға хабарлаған және тәрбиеленушілерді мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген жеке мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.

          Конкурсқа қатысу үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жеке меншік ұйымдары мынадай құжаттарды ұсынады:

  1. осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына өтініш;
  2. заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді, мектепке дейінгі ұйымның жарғысын мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәліктің көшірмесі, берешектің жоқтығы туралы банктен анықтама, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімнен ерте емес күні бар берешектің жоқтығы туралы салық органынан анықтама;
  3. мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыруға пайдаланылатын жылжымайтын мүлікке (жеке меншік немесе жалға алынған) құқық белгілейтін құжаттардың көшірмесі;
  4. "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы" ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22004 болып тіркелген) бекітілген Санитариялық-эпидемиологиялық қорытындыларды беру бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесі;
  5. медициналық кабинетке лицензияның немесе бекітілген орнын ескере отырып, емханамен қызмет көрсетуге арналған шартының  көшірмесі;
  6. Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың білім басқармаларының, аудандарда, қалаларда орналасқан білім бөлімдерінің жолдамасымен ғана мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесі. Жеткізуші осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
  7. педагогтік немесе кәсіптік білімі бар мемлекеттік үлгідегі тәрбиешілер құжаттарының көшірмелері.

 Осы тармақтың 1) – 7) тармақшаларында көрсетілген құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйым құрылтайшысының қолтаңбасымен мақұлданады, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.

Комиссия ұсынылған өтінімдерді 5 (бес) жұмыс күні ішінде отырыста қарайды.

Комиссия отырысынан кейін мынадай ақпараты бар конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасы жасалады:

  1. осы Ереженің талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың, олардың ауытқу себептерін егжей-тегжейлі сипаттайтын тізбе, оның ішінде құжаттардың сәйкес еместігін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып
  2. алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес түзетулермен және толықтырулармен мектепке дейінгі ұйымдар ұсынған құжаттарды қайта қарау күні.

Конкурстық комиссияның алдын ала рұқсат беру туралы шешімін конкурстық комиссияның хатшысы 3 (үш) жұмыс күні ішінде «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ интернет-ресурсында орналастырады.

Әлеуетті өнім берушілер алдын ала рұқсат беру хаттамасын орналастырған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде алдын ала рұқсат беру туралы хаттамаға сәйкес құжаттарды сәйкестікке келтіреді.

Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкестікке толық келтіру мәніне қайта қарайды.

Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.

Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін ең жоғары ықтимал орындар саны көрсетілген комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.

Комиссия келесі шешімдердің бірін шығарады:

  1. мектепке дейінгі жеке ұйымға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізу туралы;
  2. осы Қағидалардың 9 және 10-тармақтарына сәйкес келмеген жағдайда жеке мектепке дейінгі ұйымға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру тізбесіне енгізуден бас тарту туралы.

 

Өнім берушілерді конкурстық іріктеу кезіндегі қосымша өлшемдер:

  1. жоғары және бірінші санатты тәрбиешілердің жалпы санынан кемінде 10% үлесі;
  2. тиісті бейіндер бойынша кәсіби білімі бар тәрбиешілердің үлесі олардың жалпы санының кемінде 50%.

            Ашық дауыс беру арқылы комиссия мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

             Хаттаманы хатшы ресімдейді,оған төраға және отырысқа қатысқан барлық комиссия мүшелері қол қояды. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай өткізіледі және егер оған оның мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы қатысса, жарамды деп есептеледі.

              Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ интернет-ресурсында жарияланады.

«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі» ММ өкілдері жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында қарастырылған міндеттемелерді орындау бойынша мектепке дейінгі ұйымдардың қызметіне мониторинг жүргізеді және консультациялық көмек көрсетеді.

             1 балаға мемлекеттік білім беру тапсырысы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2017 жылғы 27 қарашадағы № 597 бұйрығымен бекітілген Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімді, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімді жан басына нормативтік қаржыландыру әдістемесіне сәйкес есептеледі.

          Жаңа және қосымша орындарға, сондай-ақ мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша бұрын орналасқан орындары бар мектепке дейінгі ұйымдар филиалдарының орындарына мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру конкурстық негізде жүзеге асырылады.

Просмотров: 260


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст