Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық
«Мектепке жол» қайырымдылық акциясы
Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтын тапсырмасын орындау мақсатында 2019 жылдан бастап жыл сайынғы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жыл бойы өтетiн форматқа ауыстырылды.
Қазақстан Республикасы Оку ағарту министрлiгi (бұдан әрi - Министрлік) аз қамтылган және көп балалы отбасылар қатарындағы окушыларға, жетiм балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларга оку жылынын басталуына дайындық кезеңiнде көмек көрсету және Балалар жылын iске асыру шеңберінде әлеуметтік себептер бойынша мектепке келмеуiнiн алдын алу мақсатында «Мектепке жол» Республикалық акциясын өткiзедi.
Акцияның басталуы 2022 жылдың 1 тамызынан, акцияның ұраны: Мектепке жол-Шекарасыз жақсылық.
Қосшы қаласының әрбір азаматы, бизнесмендерi, кәсiпкерлерi, меценаттары халықтың әлеуметтiк осал топтарынан шыққан балаларды мектепке дайындауда атаулы көмек көрсетуде азаматтық белсендiлiк таныта алады, онын мектепке жолы қуанышты болуы ушiн әрбір балаға шынайы қамқорлық пен назар аудара алады.