Ұлттық домбыра күні құтты болсын!!!
Қаламызда Қосшы домбра Fest мерекелік шарасы өтті!
Қала әкімінің орынбасары Берген Жұмкейұлы мерекеге жиналған қауымды құттықтап, домбыра шеберлеріне, домбырашыларға алғыс хаттар табыс етті.
ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ұлттық домбыра күні мерекесі идеясының авторы белгілі әзілкеш Тұрсынбек Қабатов арнайы келіп құттықтады.
DJ-Дәке және Бақытжан, Қосшы қаласы Мәдениет үйінің өнерпаздары:Мұра тобы, Алуа Қалымбекова, Әкімхан Маженов, Ақбота Құснадин, "Замандас" әжелер ансамблі, Ерлан Саду жетекшілік ететін "Алтын перне" фольклорлық ансамбілі қатысты.
Қосшы қаласының тұрғындары аса белсенділікпен қатысты. Барлық өнер орталықтарының домбырашылары бір сәтте бірнеше күйді орындады.
Қаламыздың зиялылары Ұларбек Нұрғалымұлы , Олжас Қасым , Ахат Расул сынды азаматтар домбырасын көтере келіп, көпшілікпен бірге күй тартып мерекенің сәнін келтірді. Қосшы Мәдениет үйінің басшысы Bayandy Sakhariyauly бастаған барлық ұйымдастырушыларға шығармашылық табыс тілейміз!
Құтты болсын!!!