Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі
Мектеп оқушылары демалыста: «Бір апта ауылда» жобасы жүзеге асырылды.
Балалар жылына орай «Рухани жаңғыру» бағдарламасындағы «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Айналаға қара» кіші жобасын жүзеге асыру аясында «Бір апта ауылда» іс-шарасы Ерейментау ауданынында өтті.
Іс-шараның мақсаты: Ерейментау ауданының бай тарихымен, киелі орындармен және табиғат ескерткіштерімен танысу, қала мен ауылдың байланысын орнату.
«Бір апта ауылда» жобасына Қосшы №1, Қосшы №2 мектептерінің оқушылары қатысты.
Қатысушыларға көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Атап айтсақ, Ерейментау қаласындағы тарихи-өлкетану музейіне танымдық экскурсия, Күншалған ауылына жол жүру, Олжабай батыр мазары, ұлттық ат ойындары және т.б.
Білім бөлімінің басшысы Жусупов Бейбит Айтымович балалармен кездесіп, балалар алған әсерлерімен бөлісті.
Балалар бақытты, қуанышты болып, жақсы әсер алып келді.
Балаларымызға қызықты және жақсы демалыс болғанына қуаныштымыз.