«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ақмола облысында "Балалар жылы" салтанатты ашылуы

13.04.2022

АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА «БАЛАЛАР ЖЫЛЫ» САЛТАНАТТЫ ТҮРДЕ БАСТАУ АЛДЫ
Бүгін «Bolashaq Saraiy» концерт залында Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаевтың қатысуымен балалар жылының ашылуына арналған салтанатты іс-шара өтті. 
Салтанатты шараға жергілікті атқарушы органдардың басшылары, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері және Ақмола облысының аудандары мен қалаларының 400 оқушысы қатысты.
Ермек Боранбайұлы өз сөзінде балаларды құттықтады.
"Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандық балалардың дарындылығын дамытуға үнемі назар аударады, өзінің бағдарламалық құжаттарында ол жаңа өмір жағдайларына бейімделуі, сыни ойлауы, кәсіби бағдарланған және үйлесімді дамуы тиіс жаңа ұрпақпен жұмыс істеуге баса назар аударады. Олар Қазақстанның болашағы", - деп атап өтті аймақ басшысы.
Салтанатты шара барысында Ермек Маржықпаев «Bolashaq Saraiy»-ның жас шәкірттері - «РобоОлимп» халықаралық байқауының 1 орын иегері Талғат Мақсат және «Euro Stars» халықаралық өнер фестивалінің 1 орын иегері Қуатқызы Ясминамен бірге Балалар жылының бастау батырмасын басты.
Айта кету керек, Балалар жылының басталуы аясында Ақмола облысында алғаш рет "JasSkills Аqmola-2022"чемпионаты басталды.
Балалар жылының салтанатты ашылуы аясында балалар инфрақұрылымын дамыту, білім беру ұйымдарының желісін кеңейту және балалардың құқықтарын қорғау бойынша бастамалар көтерілді.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылды Мемлекет басшысы Балалар жылы деп жариялады.  Бұл бастама Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы № 780 Жарлығымен бекітілген.

Просмотров: 302


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст