Бүгін, 13.04.2022 ж. Р.Қошқарбаев ат. №1 орта мектебінде Қосшы қалалық ІІБ бастығының бірінші орынбасары полиция полковнигі Байтіленов Әсет Серікұлы, жергілікті полиция қызметінің бастығы полиция майоры Фарзалиев Тимур Сайяфович, Қосшы қалалық білім бөлімінің басшысы Ахметов Қанат Есенбекұлы 9,10,11 сынып оқушыларымен әңгімелесті. Әңгіме Қосшы қалалық Ішкі істер басқармасы мен білім бөлімінің бірлескен жұмыс жоспары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті Қ. -Ж. Тоқаевтың жариялаған "Балалар жылы" бағдарламасына орай өтті. . Әңгіме барысында көптеген тақырыптар қозғалды: жол қозғалысы ережелері, нашақорлықтың алдын алу, қала көшелеріндегі қауіпсіздік туралы және т.б. сұрақтар. Оқушылар әңгімеге белсенді қатысып, өздерін мазалаған сұрақтарына жауап алды.