«Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы  қаласы бойынша білім бөлімі» мемлекеттік  мекемесі
Государственное учреждение «Отдел образования  по городу Косшы управления образования Акмолинской области»

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әскери -тарихи мұражай

11.04.2022

ҚР Қарулы күштерінің Әскери-тарихи мұражайына 09.04.2022 ж Қосшы қалалық  білім бөлімі жоспарының орындалуына сәйкес Қосшы-1, Қосшы-2 мектеп оқушыларымен экскурсия ұйымдастырылды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2022 жылды «Балалар жылы» деп жариялады және Қазақстан Қарулы Күштердің құрылуына 30  жыл толып отыр. Мұражайда түрлі дәуірлердің тарихы жайлы сыр шертетін әскери жәдігерлер сақталғанын көрді. Себебі, шеберлердің тыңғылықты еңбегі нәтижесінде,  жәдігерге жан біткендей сезіледі. Мұражайдағы не нәрсе жайлы айтсаңыз да: хаттар, құжаттар, әскери қару-жарақ, барлығы да Қазақстанның ежелгі замандардан бүгінгі күнге дейінгі тарихын бейнелейді, баяндайды. 
 Оқушыларға жетекшілік жасаған білім бөлімі әдіскері, мектеп директорының тәрбие ісі-жөніндегі орынбасарлары,  АӘД мұғалімдері, мектеп инспекторлары болды.

Просмотров: 540


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст