Президенттік олимпиада
19.09.2025
2025 жылдың 16 қыркүйек күні 11-сынып оқушыларына арналған жаратылыстану-математикалық бағыты бойынша Президенттік олимпиаданың қалалық кезеңі «Ақмола облысы білім басқармасының Қосшы қаласы бойынша білім бөлімі Қосшы қаласының №4 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ базасында өткізілді. Олимпиадаға қала мектептерінен 25 оқушы қатысып, үздік нәтиже көрсеткен 4 оқушы облыстық кезеңге өтті. Олар:
- Кәтжан Ғибрат – «Тайтөбе ауылының ЖОББМ» КММ;
- Дулатов Тамирлан – Бизнес академия «Дара» мектеп лицейі;
- Батырбай Гүлжанат – «Қосшы қаласының №2 ЖОББМ» КММ;
- Алекеш Аяулым Алматқызы - «Қосшы қаласының Р. Қошқарбай атындағы №1 ЖОББМ» КММ.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Облыстық кезеңде сәттілік тілейміз!
Просмотров: 9389